Президент Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2862

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты, деп хабарлады madeniportal.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы Қарағанды облысының Рудник (қазір Жезқазған) кентінде дүниеге келген. Мамандығы бойынша - тарих және қоғамтану оқытушысы. 1989 жылы еңбек жолын бастап, Қарағанды облыстық балалар кітапханасында кітапханашы болып бастаған.

Еске салайық, Берік Әбдіғалиұлы 2022 жылы маусымда Ұлытау облысының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.