Мұрат Әбділдә түрмеден тіл қатты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
783

Шымкентте қылмыстық атқару жүйесі мекемелері мен білім беру ұйымдары арасында телекөпір ұйымдастырылды. Бейнелердің бірінде кезінде әлеуметтік желіні шулатқан Мұрат Әбділдә бой көрсетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сотты болған Мұрат Әбділдә оқушыларға үндеу жолдады. Ол жастарға ақылын айтып, теріс мінез-құлықтың арты жақсылыққа апармайтынын ескертті.

«Пенде болғаннан кейін бәріміз қателесіп жатамыз. Бірақ не айтып жатырмын деп ойланып сөйлеген дұрыс екен. Түзеу мекемесінде жазамды өтеп жатқан себебім, кезінде білесіздер ішімдіктің кесірі болды. Өз қателігімді мойындаймын», — деді ол.

Мұрат Әбілдв әр басқан қадамыңды аңдып, ауыздан шығатын әрбір сөзді пайымдап сөйлеу керегін айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.k...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысындағы Жангелдин трагедиясына қатысты сот процесі шешуші кезеңге жақындады. Бір отбасыны...