Швейцарияда енді қоғамдық орында ниқабпен жүруге тыйым салынады, деп хабарлайды madeniportal.kz ...
Антикор төрағасы Димаш Құдайбергенмен кездесу ұйымдастырды
Фото: antikor.kaz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Асхат Жұмағали Қазақстанның халықаралық әнші Димаш Құдайбергенмен кездесті, деп хабарлайды Madeniportal.kz.
Кездесу барысында агенттік төрағасы Димаш Құдайбергенге жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралармен, сондай-ақ елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін агенттік жұмысының ашықтығын арттыруға, негізгі бағыттары мен заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған заманауи әдістермен таныстырған. Асхат Жұмағали өнердің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, адалдық пен әділдікке тәрбиелеуде, адамдардың дүниетанымына әсер етуде және парасат қағидаттарын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтқан. Өз кезегінде Димаш Құдайберген атқарылып жатқан жұмыстарға, болашағымыздың игілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ісіне қолдау білдірді.
Тараптар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, мәдени және білім беру бастамалары арқылы парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидаттарын ілгерілету шеңберіндегі бірлескен жобаларды талқылады.