2024 жылдың 10-13 қазан күндері Гонконгта эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтті. Ело...
Иранда зорлықшыдан қорғанғанын айтқан 23 жастағы әйел өлім жазасына кесілді
Фото: freepik
Иранда өзін зорламақ болған ер адамнан қорғанғанын мәлімдеген 23 жастағы Мәрзие Ниери өлім жазасына кесілді. Үкім 8 тамыз күні таңсәріде Казвин қаласының орталық түрмесінде орындалғанын Euronews хабарлады. Ақпаратты Иранның Ұлттық қарсыласу кеңесінің Әйелдер кеңесі де растады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Iran Human Rights құқық қорғау ұйымының мәліметінше, 17 жасында отбасының қысымымен мәжбүрлі түрде тұрмысқа шыққан Мәрзие Ниери 18 жасында өзін зорламақ болған ер адамнан қорғану үшін пышақпен қарсылық көрсетіп, әлгі кісіні өлімші етіп жаралаған. Алыс-жұлыста күйеуі де қаза тапқан.
Ниери оқиғадан төрт күн өткенде полицияға өзі барып, болған жағдайды хабарлаған. Сот оның өзін-өзі қорғағаны туралы айтқан уәжін қабылдамаған. Марқұмдардың туыстарының талабымен әйелге Ирандағы исламдық құқық жүйесіндегі "қисас" қағидасы ("қанға–қан") бойынша өлім жазасы кесілген.
Iran Human Rights ұйымының дерегінше, 2026 жылдың басынан бері Иранда өлім жазасына кесілген кемінде 14 әйелдің үкімі орындалған.
АҚШ мемлекеттік департаментінің мәліметі бойынша, 2025 жылы Иранда кемінде 61 әйелге өлім жазасы орындалған. Сол жылы елде кемінде 1639 адам өлім жазасына кесілген.
Amnesty International ұйымының мәліметінше, ал өлім жазасы бойынша Иран әлемде тек Қытайдан кейін қалып, екінші орында тұр.