Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асы...
Апелляцияның шешімі қандай болады?: Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сот үкімі
Фото: ашық дереккөзден
Бүгін Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты атышулы істің апелляциясы өтіп жатыр. Апелляцияның шешімі кешкі сағат 17.30-да белгілі болады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Айта кетейік, прокурордың көмекшісі Индира Жұмағали бірінші соттың үкімін өзгеріссіз қалдыруды сұрады.
«Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс халық арасында резонанс тудырды. Қайырымдылық қорының атын жамылған ол азаматтардың сенімін пайдаланды, ал ақша аударған адамдардың арасында әлеуметтік осал топтары адамдар да болған. Бұл – қоғамның сенімі мен адал қайырымдылық институтының атына кір келтірді. Іс БАҚ беттерінде көп жазылды. Сотталған азаматшалардың әрекеті қайырымдылық саласындағы бүкіл жұмысқа нұқсан келтірді», - дейді Индира Жұмағали.
Сондықтан ол Перизат Қайрат пен анасының жазасын өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Оның айтуынша, қазір сотталғандар Астананың уақытша қамау изоляторында отыр.