“Әйелімен ұрысқан”: Бір топ адамды көлігімен таптап өткен ер адам өлім жазасына кесілді

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
3163

Қытайдың Гуандун Чжухай провинциясында жеңіл көлік бір топ адамды таптап өтті. 62 жастағы Фан Вэйцю өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға салдарынан 35 адам қаза тауып, 45-і жарақат алды. Жол талғамайтын көлік тізгіндеген адам стадионда спортпен шұғылданып жүрген бір топ азаматты басып өткен.

Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, темір тұлпар жүргізушісі бұл әрекетін қасақана жасаған болуы мүмкін. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, 62 жастағы ер адам ажырасқаннан кейін мүлікті бөлу нәтижесіне ашуланып, көлікке мінген екен. Ол артынша өз-өзіне қол жұмсамақ болыпты.

Қытай басшысы Си Цзиньпин жараланғандарды емдеуге барынша күш салып, кінәліні қатаң жазалауды тапсырған еді. Ер адам сот шешіміне қарсы шықпады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...