Күннің ыстығынан қоймадағы оқ-дәрілер жарыла бастады

Фото: report.az

ЖАҢАЛЫҚТАР
2897

Чехияның солтүстік-батысындағы Литомержице қаласы ауданында армияның оқ-дәрі қоймасы маңынан өрт шықты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ ресейлік ТАСС CTK ақпарат агентігіне сілтеме жасап. 

Өртті сөндіруге 12 өрт сөндіруші бөлімше жұмылдырылып, олар авитехниканы қолданды. Жалын шарпыған төрт гектар аймақта жер астында жатқан ескі оқ-дәрілер жарылып, жағдайды одан сайын қиындатты. Билік төтенше жағдай болған аймаққа жақын елді мекен тұрғындарын орманға серуендеуден бас тартуға шақырды.

Чехияда аптап ыстық күн сайын күшейіп келеді. Термометрдің бағаны сәрсенбі күні 35 градустан жоғары температураны көрсетті. Бейсенбі күні метеорологтардың болжамынша, күн тағы да ысиды. Ауа температурасы 40 градусқа жетуі ықтимал. Орман өртінің қаупі төніп тұр. 

 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...