Республика күні құтты болсын!

ЖАҢАЛЫҚТАР
3205

Құрметті ағайын, алда келе жатқан Республика күні құтты болсын! 

Еліміздің бас мерекесін бұрынғыдай желтоқсанның аязы мен суығына қалдырмай, күздің жаймашуақ күндері атап өтетініміз дұрыс шешім болды.

Біз Сауытбек Абдрахманов, Нұртөре Жүсіп үшеуіміз арнайы Қызылорда облысына барып, Шиеліде кеше өткен Алтын күз фестивалін қызықтап қайтқан едік. Республика күніне орайластыра дайындалған бұл фестиваль биік деңгейде өткеніне куә болдық. Расында да, қазір еліміздің қайсы өңірінде де - Алтын күз, нешеме реңкпен құбылған табиғат, балбырап бабына жетіп тамылжып тұр. Көркіне көз тоймайтын ғажап кез! 

Міне, жайлаудан мал қайтқан, егін орағы аяқталып, бау-бақшадағы жеміс-жидек жиналған, арқаны кеңге салған шуақты күндері мол осы мезгілге мемлекетіміздің бас мерекесінің дөп келуі қандай жарасымды! Шүкір дейміз! 

Алла тағала осы қуанышымызды көпсінбей, қазақты ынтымағы мен бірлігінен айырмасын. Ел мен Жерімізді ішкі жаудың іріткісінен, сырттағы алакөзден сақтап, болашағымызды баянды етсін!

                                                                                              

Әлібек Асқар 

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әзілкеш Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы желі қолданушыларының сынына ұшырады, деп хабарла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда зейнетақы аннуитеті арқылы зейнет жасына жетпей-ақ өмір бойы төлем алуға болады, деп хаб...