Атыраудағы оқиға: Сұлтан Сәрсемәлиев өзіне тағылған айыппен келіспеді

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
522

Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында Жангелдин ауылында болған, қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Сот барысында айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев өз кінәсін ішінара мойындағанын мәлімдеді.

Ол Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыппен келіспейтінін айтып, бұл оқиға абайсызда болған және өзін қорғау мақсатында әрекет еткенін алға тартты.

Алайда басқа эпизодтар бойынша айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Оның айтуынша, Мақсот Қарабалинге тоғыз рет, Өтешқалиеваға сегіз рет, ал Мейрамгүл Қарабалинаға 32 рет пышақ жарақатын салған. Сондай-ақ, ол қылмыстан кейін ізін жасыру үшін ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз иемдену баптары бойынша да әрекет жасағанын мойындаған.

Осылайша, Сәрсемәлиевке тағылған 13 айыптың тек бір бөлігі бойынша ғана кінәсін жоққа шығарып отыр. Ол тек Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты эпизодты қасақана жасалған әрекет ретінде мойындамайды.

Еске сала кетейік, бұл іс Атырау облысында үлкен қоғамдық пікір тудырған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қаза тапқандар айыпталушының бұрынғы жұбайының туыстары болған.

Айта кетейік, бүгін Атыраудағы трагедияға қатысты екінші сот отырысы басталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...