Екінші деңгейдегі банктер ұсынған жеңілдікті автонесие көлемі халықтың сұранысын қанағаттандыра алма...
Ақмола облысында 3 жасар баланы жылқы таптап кетті
ашық дереккөз
718
Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға Талапкер ауылында болған. Бірнеше аттылы адам шағын ауылдың көшесімен «жарыс» ұйымдастырған. Салдарынан үш жасар бала аттың астында қалып, ауыр жарақат алды.
Баланың ішкі ағзаларына зақым келгендіктен бірнеше операция жасалған.
Полиция бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.