Ақтөбеде бір топ еркек таксиде отырған адамды жүксалғышқа салып алып ұрлап кеткен

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
122

Ақтөбеде бір топ еркек таксиде отырған адамды жүксалғышқа салып алып ұрлап кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияға бірнеше еркектің бір адамды күштеп көліктің жүксалғышына салып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы хабарлама түскен. 

Адамды ұрлау сәті оқиға орнынан өтіп бара жатқан көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жол үстіндегі жанжал себеп болған. Жәбірленуші жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқанда жүргізушінің әрекетіне ескерту жасаған. Осыдан кейін олар сөзге келіп қалған. 

Кейін күдіктілер жәбірленушінің үйінің маңына келіп, оны күткен. Ер адам таксимен өз шаруасымен шыққан кезде олар көлікпен жолын бөгеп, таксиді тоқтатқан.

Артынша жәбірленушіні күштеп көліктен шығарып, Lexus автокөлігінің жүксалғышына салып әкеткен. 

Адам ұрлау дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

PESTEL

24 маусымда Венесуэлада болған екі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5 398 адамға жетті, д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайды өлтіру ісіне қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті. Мемлекеттік айыптаушы Ма...