Алматыда КСРО Халық әртісі, белгілі опера әншісі Роза Бағлановаға ескерткіш ашылды. Төле би көшесі м...
Жеңілдікті автонесие көлемі халықтың сұранысын қанағаттандыра алмады - сенатор
Екінші деңгейдегі банктер ұсынған жеңілдікті автонесие көлемі халықтың сұранысын қанағаттандыра алмады. Оны autonesie.kz платформасында 18 секунд ішінде аяқталған лимит мөлшері паш етті. Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов өзінің депутаттық сауалында жеңілдетілген автонесие беру және жалпы автоөндіріс саласындағы проблемаларды жария етті, деп хабарлайды madeniportal.kz.
«2015 жылдан бастап мемлекет жеңілдетілген авто несие беру арқылы отандық автоөндірушіні қолдаудың нарықтық тетігін қолданып келеді. Біздің мемлекет отандық автоөндірушіні қолдай отырып, осында өндірілетін өнімнің қазақстандық құрамдас бөлігі арта түсетініне сеніп отыр. Мемлекет қаржыландыратын жеңілдетілген несие отандық автомобиль өндірісін дамытуға іс жүзінде әсер еткен жоқ деп айтуға болады», - деді депутат.
Сұлтанбек Мәкежанов осыған байланысты жеңілдетілген автонесиелеудің және жалпы автомобиль өндірісі саласының тағдырына қатысты Үкіметтің атына бірқатар мәселе айтты.
«Еліміздегі жеңілдетілген авто несие беру автомобиль паркін жаңарту мен халықты автокөлікпен қамтамасыз етуді арттыру мақсатын көздейді. Мемлекет автопаркті жаңарту үшін сырттан әкелінетін автокөлікке бастапқы тіркеу енгізді. Бастапқы тіркеу құны әкелінетін автомобильдің шығарылған жылына байланысты. Ол бойынша ескі көлік әкелу тиімсіз болуы керек еді, алайда іс жүзінде бұл барлық көліктердің қымбаттауына әкеліп соқты. Кәдеге жарату алымын енгізу де көлік бағасының өсуіне едәуір әсер етті», - деді сенатор Мәкежанов.