Ақмола облысында 8 және 12 жасар қыздар көлікпен бірге суға батып, көз жұмды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
178

Қайғылы жағдай Ақмола облысы Целиноград ауданындағы суға толы карьерлердің бірінде болған. Отбасылық демалыс кезінде әпкелі-сіңлі көлікпен бірге суға батып көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Төтенше жағдай департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, ішінде кәмелетке толмаған балалар болған жеңіл автокөлік белгісіз себептермен суға сырғып кеткен.

“Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Ақмола облысы мен Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына жедел жетті. Құтқарушылар келген кезде оқиға орнында полиция қызметкерлері болған", – делінген хабарламада.

Құтқарушылар суға батқан автокөлікті шығарып, оның ішінен екі қыздың мәйітін тапты. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеуді өңірлік полиция департаменті жүргізуде.

Sinegor.kz порталының мәліметінше, қаза тапқан қыздар туған әпкелі-сіңлі болған. Олардың жасы 8 және 12-де.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 11 шілде күні отбасы Қызылжар ауылының маңындағы жасанды су айдынының жағасында түнеп демалған. Таңертең суға шомылып шыққаннан кейін қыздар киім ауыстыру үшін жағалауда тұрған автокөлікке отырған. Сол сәтте көлік күтпеген жерден қозғалып, еңіспен төмен сырғып, суға түсіп кеткен. Балалардың әкесі оларды бірден құтқаруға тырысқанымен, көліктің есігін аша алмай, терезесін де сындыра алмаған. Салдарынан автокөлік аз уақыт ішінде суға кеткен. 

Шоу-бизнес

Продюсер, "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Айнұр Жүгін...

СПОРТ

Оңтүстік Африка футбол қауымдастығы қайғылы хабардан есеңгіреп қалды. Оңтүстік Африка құрамасы мен &...