«Айыпталушы жалған сөйлеп отыр»: Шерзат Полат отбасының адвокаты тың дерекпен бөлісті

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
2700

Талғарда аса қатыгездікпен өлтірілген Шерзат Полат отбасының адвокаты Мейірман Шекеев күдікті Дархан Әскентайдың жауабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

«Прокурор оған (Дархан Әскентайға – ред) дұрыс ескерту жасап отыр. Себебі сотта тергеу барысында анықталған мән-жайлар ғана қаралады. Ал ол бүгінгі сотқа келіп кастет туралы айтып отыр. 10 рет тергеуден өткен кезде айтпай, бүгінгі сотта айтып отыр. Сот оған назар аударады деп ойламаймын. Қазірдің өзінде айыпталушы жалған сөйлеп отыр деп ойлаймыз», – деді адвокат.

Бүгінгі сот отырысында Дархан Әскентай марқұм Шерзат өзін ұрғанын айтқан болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...