Ақмола облысында кәмелет жасына толмаған 231 қыздың аяғы ауыр болған

Фото: okg.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1643

Ақмола облысында соңғы 5 жылда кәмелет жасына толмаған 231 қыз баланың аяғы ауыр болған. Олардың көбі – 15-17 жаста, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Біздің ресми сауалға жауап берген Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы соңғы 5 жыл мен 2023-2024 жылдардың статистикасын ұсынды.

«2024 жылдың 10 айында 34 қыз бала жүкті болды. 2023 жылдың 10 айында осындай 42 факт тіркелді. Соңғы 5 жылда -–231 қыз баланың аяғы ауыр болған», - деп хабарлады басқарма.

Дереккөзге сүйенсек, ерте жүкті болған қыздардың орташа жасы – 15-17 жас.

«2024 жылы 6 қыз бала, 2023 жылы 2 қызға аборт жасалған. 2024 жылы 28 қыз бала, 2023 жылдың 10 айында 40 қыз бала аман-есен босанды», - деп хабарлаған басқарма. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...