Ақмола облысында ауыл тұрғыны туыстарына несие рәсімдеп жібергені анықталды, деп хабарлайды madenipo...
Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Ораза айтпен құттықтады
4527
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Ораза айт мерекесімен құттықтап, зор денсаулық және толағай табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі. Тараптар Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.