Екі күнде екі оқушы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Атырау маңындағы Гео...
Ақмола облысында мал ұрлығын ұйымдастырды деген күдікпен шаруашылық басшысы ұсталды
Фото: freepik
1186
Ақмола облысында 16 бас жылқы ұрлығын ұйымдастырды деген күдікпен шаруашылық басшысы ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
54 жастағы Астана тұрғыны 16 бас жылқының ұрланғаны туралы арызбен полицияға жүгінген.
Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кірісті.
Басты күдікті ретінде жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің 45 жастағы басшысы танылды.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол жануарларды ұрлауды ұйымдастырған.
Күдіктіге «үй қамағына алу» бұлтартпау шарасы тағайындалды.