NU мектептері әлемдік рейтингте үздіктер қатарына кірді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
59

Nazarbayev University (NU) халықаралық Times Higher Education (THE) рейтингінде білім және медицина пәндері бойынша үздік 200-ге көтерілді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Жалпы сыналған 9 бағыттың бесеуі үздік 500 қатарына кіреді. Рейтинг оқу орындарының бағдарламаларын оқыту, зерттеу ортасы, зерттеу жұмыстарының сапасы, индустриямен байланыс және интернационализациялау дәрежесі сияқты критерийлер бойынша бағалады.

2023 жылы NU алғаш рет беделді THE рейтингіне кіріп, 501-600 диапазонына жайғасып,әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының қатарына кірді. 2024 жылы NU пәндік рейтингтегі нәтижелерін жақсартты. Университет білім және медицина салалары бойынша ең жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр. NU білім бағыты бойынша өткен жылы 251-300 позициясынан 176-200-ға дейін көтерілді. Осы кезеңде университеттің медициналық пәндері де 501-600-ден 401-500-ге дейін өсім көрсетті. Орталық Азияның ең үздік университетіне қалай түсуге болатыны туралы келесі сілтемеден біле аласыздар: 

«Бұл университетіміздің академия және зерттеу саласында мінсіздікке ұмтылатынының бірден-бір дәлелі. Ол оқытушылар, зерттеушілер, студенттер мен қызметкерлеріміздің еңбегінің нәтижесі әрі өз істеріне деген адалдығының белгілі. Жеткен жетістіктерімізбен мақтана отырып, әрі қарай осы жолда дамуға міндеттеме алып отырмыз», — деді университеттің алған асулары туралы NU президенті доктор Вакар Ахмад.

Атап айтқанда, бұл жетістіктер – NU-дың Жоғары білім беру мектебінің және Медицина мектебінің табысты жұмысының нәтижесі. 2012 жылы негізі қаланған Жоғары білім беру мектебі University of Cambridge және University of Pennsylvania  сияқты білім саласындағы әлемдік көшбасшылармен белсенді ынтымақтаса отырып, инновациялық магистрлік және докторлық бағдарламаларды ұсынады.

Жоғары білім беру мектебін қабырғасы қаланған сәттен бастап басқарып келе жатқан оқу орны мектептерінің арасындағы жалғыз қазақстандық әйел Аида Сағынтаева бұл жетістік туралы: «Бұл жетістік – оқытушылар, қызметкерлер мен студенттеріміздің көп жылдық еңбегінің нәтижесі. Қазақстан үшін маңызды қадам, халықаралық білім беру аренасында салмағы бар ойыншыға айналып келе жатқанымыздың дәлелі. Қазақстанда өсіп-өнген азамат ретінде мен мұны жеке жетістігім деп білемін. Бұл білім саласын дамытуда қаншалықты алдыға жылжығанымыздың белгісі, біз жергілікті ерекшеліктерді сақтай отырып, ғаламдық академиялық қауымдыстыққа үлес қосып жатырмыз», — деді.

Жоғары білім беру мектебі әсіресе ғылымдардың жұмысына жүгіну көрсеткіші және халықаралық ынтымақтастық бойынша ерекшеленеді. Ғалымдардың жұмыстарына жүгіну индексі (FWCI) 2,81-ді құрайды, бұл оны Duke University сияқты әлемнің жетекші университеттермен бір сапқа қояды. Мектеп оқытушылары жарияланымдарының 65,5%-ы Q1 деңгейіндегі журналдарға шығарылған, бұл олардың жоғары ғылыми деңгейін растайды. Жоғары білім беру мектебінің зерттеулері төрт негізгі тақырыпқа бағытталған: жоғары білім беруді трансформациялау, инклюзивті білім беру, тіл, мәдениет және саясат, білім берудегі өзгерістер және көшбасшылық.

Өз кезегінде 2015 жылы University of Pittsburgh Медицина мектебімен серіктестікте құрылған NU Медицина мектебі Қазақстанда революциялық денсаулық сақтау жүйесін құруға ықпал етуде. Құрылған сәттен бастап Мектептің бастапқы стратегиялық мақсаттарының бірі зерттеулерді, инновацияларды, білім беруді және пациенттерге күтім көрсетуді интеграциялау арқылы Қазақстанда медициналық қызмет көрсету моделін әзірлеу болды.

«Бұл небәрі 9 жыл бұрын құрылған салыстырмалы түрде жас білім беру құрылымы – NU Медицина мектебі үшін маңызды кезең. Бұл жетістік екі аккредителудің тікелей нәтижесі – “Медицина ғылымының докторы” бағдарламасы Еуразиялық жоғары білім беру және денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету орталығымен (ECAQA), ал Университеттік медицина орталығы (UMC) Халықаралық аккредиттеу комиссиясымен (JCI) мойындалған. Екеуі де NU медицинасының білім беру, ғылыми зерттеулер және денсаулық сақтау саласындағы жоғары сапаға деген ұмтылысын растайды. Бұл жетістіктер біздің оқытушыларымыздың, қызметкерлеріміз бен студенттеріміздің қажырлы еңбегі мен жетістіктерінің нәтижесі. Болашаққа көз жүгірте отырып, біз Қазақстан халқы үшін және одан тыс жерлерде дені сау болашақ құруға ықпал ететін дәрігерлердің, медбикелердің, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандардың және биомедициналық ғалымдардың жаңа буынын тәрбиелеуді жалғастырамыз», — деді NU-дың вице-президенті, Медицина мектебінің деканы Массимо Пиньятелли.

Университет 2030 жылға қарай Times Higher Education рейтингі бойынша әлемнің ең үздік 300 жоғары оқу орнының қатарына кіруді мақсат етіп отыр. Әлемдік рейтингтерде тұрақты ілгерілеуінің және білім беру мен зерттеу сапасына назар аударуының арқасында университет академиялық инновациялар мен әлеуметтік дамудың жетекші орталығы ретіндегі позициясын нығайтуды жалғастырмақ.

Жаңалықтар

Өткен жылы «Информатика және робототехника» бағыты бойынша қазақстандық жоғары оқу орынд...

Жаңалықтар

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі сенбіге сәйкес келуіне байланысты демалыс 10 наурыз дүйсе...