«Қазақстан авторлық қоғамы» РҚБ-нің бас директоры Айнұр Есендікова 400-ден астам автор м...
Ақмола облысында таксист түнде сәбиі бар отбасын жол бойына түсіріп кеткен
ашық дереккөзден алынған
Әлеуметтік желілерде қиын жағдайда адамгершілік пен кәсібилік танытқан патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне алғыс жарияланды, деп хабарлады Мadeniportal.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мелешенко әулетінің айтуынша, 18 тамызға қараған түні «Астана – Петропавл» автожолының 243-шақырымында (Көкшетау бағыты бойынша) олар қауіпті жағдайда қалған. Жасөспірім баласымен бірге келе жатқан отбасын такси жүргізушісі жол бойына түсіріп кеткен. Әкенің сөзінше, жүргізушінің әрекеті күдік тудырып, өздерін қауіпсіз сезінбеген.
Түн ішінде үйге жетудің мүмкіндігі болмай, отбасы тығырыққа тірелген. Абырой болғанда, дәл сол мезетте трассада патрульдік полиция батальонының екінші взводының қызметкерлері – Игорь Макаров пен Тоқтар Аубакиров кезекшілік етіп жүрген.
Полицейлер жол шетінде тұрған адамдарды байқап, қызметтік көлікті бұрып келіп, жағдайды сұрастырған. Оқиғаның мән-жайын түсінген соң, ата-анасы мен баланы патрульдік көлікке отырғызып, үйлеріне аман-есен жеткізіп салған.
– «Бізді көрген бойда қызметкерлер тоқтап, жағдайды анықтап, жылы шыраймен үйімізге дейін жеткізіп тастады. Үлкен рақмет! Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығы, қызметтеріңізге тыныштық пен сәттілік тілейміз», – деп жазды Мелешенко жұбайы әлеуметтік желідегі жазбасында.
Ал құқық қорғаушылар болса, «Бұл – адамгершілік тұрғысынан жасалған әрекет» екенін атап өтті.