Fly Arystan ұшағының бортында өрт шықты

Фото: Әуе компаниясының баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2356

Астанадан Ақтауға бағыт алған ұшақтың жүк салу бөлігінен өрт шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Fly Arystan әуе компаниясының хабарлауынша, төтенше жағдай бүгін, 23 ақпанда Астана-Ақтау бағыты бойынша FS 7375 рейсін орындау кезінде болған.

Ұшақтың жоғарғы жүк салу бөлігінде жолаушының сөмкесі өртенген. Өртті әуе компаниясының бортсеріктері дереу өшірді, - делінген хабарламада.

Бортта барлығы 182 жолаушы болған. Әуе кемесі ұшу пунктіне қайтып оралды, штаттық режимде қонды.

Астана-Ақтау бағытындағы бұл рейс Астана уақытымен 17.10-ға ауыстырылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті....