Таразда көпқабатты үйдегі өрттен кейін қандай шара қабылданды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
1012

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараздағы Жаңа жыл түні шатыры өртенген көпқабатты үйге барды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы "Қарасу" шағын ауданындағы шатыры өртенген №15 көпқабатты үйді аралап, тұрғындарының жағдайымен танысты.

"Өрттің шығу ошағын, себебін және шығын көлемін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тұрғын үйге нысаналы төтенше жағдай жарияланды. Әр пәтер бойынша келтірілген шығын есептеліп, заң талаптарына сәйкес қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Зардап шеккен тұрғындарға қажетті көмек көрсетіледі", - деді Ербол Қарашөкеев.

Қазіргі таңда мердігерлер шатыр жабындыларын алып, қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Пәтерлерді жөндеу тиісті комиссияның нақтылау, анықтау шараларынан кейін жүзеге асады.

Аймақ басшысы зерделеу коммисияның жұмысына тұрғындарды да тарту қажеттігін баса айтып, қала басшылығына нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ тұрғындарды сабырлық танытуға, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Продюсер Баян Мақсатқызы осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесінде тұрып, Қазақстан халық әртісі Ме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

65 жастан асқан қазақстандықтар несиені енді онлайн ала алмайды. Олар несие алуға өтініш беру ү...