Ақмола облысында үш елді мекеннің атауы өзгермек

ЖАҢАЛЫҚТАР
3952

Ақмола облысының Бірлік ауылдық округіне қарасты үш елді мекеннің атауы өзгеруі мүмкін.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған өңір әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысының әкімдігі мен облыстық мәслихат Бірлік ауылдық округіне қарасты Красная Поляна ауылын – Бірлік, Арбузинка ауылын - Ақкент, Петриковка ауылын Тұмар ауылы деп атау туралы шешім шығарды», - делінген талқылауға шығарылға құжатта.

Қоса кетсек, былтыр Ақмола облысына қарасты аршалы ауданындағы 2 ауыл мен 1 ауылдық округтің және Бурабай ауданына енетін Красниый кордон ауылының атауы өзгерген еді. Жалпы, өткен жылы бұл өңірде 11 елді мекен мен 90 көшеге қазақша атау берілді.

inform.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...