Қазақстанда «Шәмші Қалдаяқов» медалі пайда болады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
424

Қазақстанда мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы енгізіледі. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

"Мәдениет пен өнер — ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан Жаңа Конституцияда ұлттық мәдениетке жан-жақты қолдау көрсету мемлекеттің негізгі қағидаты ретінде ең жоғары құқықтық деңгейде бекітілді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады, - деді А. Смадияров.

Бұл құрметті наградалар ұлттық мәдениетті, соның ішінде музыка мен бейнелеу өнерін дамытуға зор үлес қосқан азаматтарға беріледі.