2024 жылғы 15-16 қазан күндері Астана қаласында Қазақстандағы Арменияның мәдениет күндері өтеді. Мәд...
Sәlem Entertainment жасанды интеллект арқылы контент жасауды сынақтан өткізуде
Дереккөзден
Sәlem Entertainment жасанды интеллект жобаларын таныстырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Astana қаласында өткен Digital Bridge 2025 форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңес отырысы аясында ұйымдастырылған цифрлық әзірлемелер көрмесін тамашалады.
Көрмеге қатысқан компаниялардың бірі — Sәlem Entertainment өз жобаларын ұсынды. Бас директор әрі продюсер Игорь Цай жасанды интеллект арқылы жасалған генеративті контентті көрсетіп, компанияның Sәlem AI бағыты бойынша жоспарларын таныстырды.
«Біз Sәlem-де әрдайым сериалдар мен фильмдерді өндіру мен жылжытудың халықаралық алгоритмдерін енгізіп, бейімдейміз. Биыл біз Google (Alphabet) компаниясының VEO3 бөлімшесінің қолдауымен жасанды интеллект арқылы контент жасау технологияларын сынақтан өткізіп жатырмыз. Бұл бағыт аясында промпт-инженерлер мен арт-директорларды даярлап, вертикалды форматтағы эксперименталды серияларды өндіруді қаржыландыруға көңіл бөлудеміз», — деді Цай.
Digital Bridge 2025 аясындағы шара еліміздегі цифрлық технологиялардың даму қарқынын көрсетіп қана қоймай, бизнес пен ғылыми институттардың жасанды интеллекттің ұлттық экожүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін айқындады. Осы бағытта Sәlem Entertainment медиа, технология және білімді біріктіре отырып, өз үлесін қосып келеді.