Ақордадағы ауыс-түйіс: ҰҚК жаңа басшы тағайындалды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
199

Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада. 

Ол бұл қызметті 2022 жылдың қаңтарынан бастап атқарды.

Ал оның орнына Марат Ирменов Қазақстан ҰҚК төрағасы болып тағайындалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Ирменовті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп тағайындады.

Тиісті жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Сонымен қатар Ирменов бұрын атқарған қызметінен босатылды.

Марат Ирменов еңбек жолын ұлттық қауіпсіздік органдарында бастап, түрлі жедел және басшылық қызметтер атқарған.

2016–2020 жылдары ҰҚК-нің Ақтөбе облысы бойынша департаментін басқарды. 2020 жылы Жамбыл облысы бойынша департаменттің басшысы болып тағайындалды.

2022 жылғы қаңтардан бастап ҰҚК-нің Алматы қаласы бойынша департаментін басқарған. Ал 2025 жылғы 25 қазанда Мемлекет басшысының өкімімен ҰҚК төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Марат Ирменов – ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры. 2019 жылы оған генерал-майор атағы берілген. II дәрежелі «Даңқ» орденімен және бірқатар мемлекеттік, ведомстволық наградалармен марапатталған.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақмыс» Тобының Шатыркөл байыту фабрикасына кәсіпорынның техникалық жабдықталуын жаңа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан халқының өсуі білім беру және медициналық мекемелерге деген қажеттілікті күшейте түсуде. E...