Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қ...
"Бәріне өзі кінәлі". Мұрат Әбділданың адвокаты тың дерек айтты
Фото: ашық дереккөзден
Блогер Мұрат Әбділданың авдокаты күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Заңгер Молдахан Әділетхан блогердің тәртібі туралы пікір білдірді.
"10 сәуірде қамалуы керек болған. Оған қамалатынын ескерттік. Бірақ ол соттан қашты. Бәріне өзі кінәлі. Қайтадан ішіп кетті", – деді заңгер.
Адвокат блогердің әйеліне де қатысты тың ақпаратты жариялады.
"Әйеліне жандарың ашымай-ақ қойсын. Ол да алаяқтық бойынша істі болған. Отырып та шыққан. Бізбен Әсел деп танысты, бірақ аты басқа болып шықты. Ол да профилактикалық тексеруде жүр. Мұрат "ұрды, соқты" деп бірнеше рет арыз жазған. Екеуі де білгенін істеп жүрді. Мұрат та тыныш жүрген жоқ. Оның үйіне дейін барып, тыныш жүр деп айтқанбыз. Тіпті, әйелі бізді алдамақ болды. Сол түбіне жетті. Еңіреп өтірік жыламай-ақ қойсын. Өзі 102-ге хабарласып, арыз жазған. Анасына обал болды. Өте жақсы кісі. Кейінгі уақытта анасымен де хабарласпаған. Екі апта бұрын барғанбыз. Әйелімнің туған күні деп шақырды. Сөйтсек, ешқандай туған күні емес, аты да басқа адам болып шықты", – деді Молдахан Әділетхан.