Аққулар қырылып жатыр: Каспий теңізіндегі жағдайды экологтар анықтауды бастады

Фото Александра Покатилова / Lada.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2337

Каспий жағалауында аққулардың өлекселерінің табылуына байланысты Маңғыстау облысының экология департаментінің мамандары судан сынама алды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының экология департаменті 4А ықшам ауданындағы теңіз жағалауынан бірнеше өлі құстың өлексесі табылғанын хабарлады.

Осыған байланысты 3 сәуірде экология департаментінің мамандары теңіз суынан сынама алу жұмыстарын жүргізді.

«Нәтижелер қосымша жарияланады», - деп хабарлады департамент.

Әлеуметтік желіде ақтаулықтар қала жағалауында өлген немесе әлсіреген аққулар туралы жиі хабарлап отырады.

Бұған дейін 4А ықшам ауданындағы жағалауда демалушылар құстардың өлу оқиғасын тіркеген болатын. Осыдан кейін Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті 20 наурыздағы теңіз суын зерттеу хаттамасына сәйкес ластаушы заттар табылмағанын хабарлады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...