Астанада жойқын жарылыс болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1358

Астанада наубайханада болған жарылыстың салдарынан 4 адам зардап шекті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Алматы ауданы М.Жұмабаев көшесінде екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты тандырханада өрт шыққан.

«ТЖД бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасының жарылысы орын алып, нәтижесінде ғимарат жартылай қираған. Құтқарушылар негізгі ғимаратқа өрттің таралуына жол бермей, жедел түрде 5 газ баллонын шығарды. Өрт толығымен сөндірілді», - делінген хабарламада.

Күйік алған 4 қызметкер ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету о...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде «Нұр Ғасыр» мешітінің 38 жастағы қызметкеріне қатысты сот процесі басталды. Ол...