Біріккен Араб Әмірліктерінің орталығы Дубайда Қазақстанның сауда үйі ашылады. Бұл туралы Сауда және...
«Жүрегіме қатты батқаны»: Журналист Шерзаттың ағасының ел білмейтін ерлігін айтты
Сурет ашық дереккөзден алынды
Танымал журналист Бибігүл Дәулетбек Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев жайлы сөз етті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .
Көзі тірісінде Нұрқанат Ғайыпбаев өте ақкөңіл, көпшіл адам болғанын көпшілік растап жатыр.
«Шерзаттың оқиғасында мені қатты күңіренткен - Нұрқанаттың өлімі болды. Білмеймін неге екенін қатты жыладым осы азаматқа. Жаным ауырды. Өзі кеш үйленіп, енді өмірдің қызығын көремін дегенінде... Бүгін осы Нұрқанат туралы сторисіме салған едім. Бұл жігіттің әріптестері тек жақсы пікірлерін жазуда. Өте аңқылдақ, тек күліп жүретін жайдарлы жан деп жатыр. Үнемі елге елпілдеп көмек көрсетіп жүреді екен. Қалжыңқой, ешқашан ешкімге ренжігенін көрген емеспіз деуде. Оқырмандарымның хаттарын оқып, тіпті мұңайып кеттім», - Бибігүл Дәулетбек.
Журналист Бибігүл Дәулетбек Шерзаттың ағасының ел білмейтін ерлігі жария болуы тиіс деп есептейді.
«Нұрқанат қандай ерлік жасады дейсіздер ме? Естеріңізде ме Алматы қаласының маңында 2021 жылы әскери ұшақ құлап, 4 адам қаза тауып, 2 әскери кісі аман қалғаны? Сол аман қалған екеуіне себепші болған - осы фельдшер Нұрқанат Ғайыпбаев екенін бірі білсе, мыңы білмейді. Осы оқиға туралы күндіз Instagram платформасындағы сторисімде бөліскенімде, сол ұшақта қайтыс болған майордың жары марқұм Нұрқанаттың ерлігін жазды...оқырманымның хатын оқып отырып тіпті тебірене жылап алдым... Мені оқып отырған құзырлы орындар болса, аса мән береді деп ойлаймын. Тірісінде ала алмай кеткен марапатын құдай үшінге қазір беріңіздерші?! Марқұмның әруағы тынышталып, жаны жаннаттан болсын», - деді журналист.