Ақмола облысында ер адам өз үйінің ауласында үсіп қайтыс болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
984

Ақмола облысында ер адам өз үйінің ауласында үсіп қайтыс болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияның айтуынша, оқиға Біржан сал ауданындағы Бұланды ауылында 13 қарашада түнгі уақытта болған.

Оқиға болған жерді тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.

Марқұм осы Бұланды ауылының 55 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Ол жалғыз тұрып, өз үйінің ауласында көз жұмған. Сарапшының қорытындысына сәйкес ер адам үсіп қалған», - деп хабарлады облыстық полиция.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

PESTEL

British Airways әуе компаниясы Үндістанның Хайдарабад қаласынан Лондонға бағыт алған BA276 рейсінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бурабайда найзағайдың кесірінен екі өрт шықты. Өрт сөндірушілер Ақылбай орман шаруашылығындағы өртте...