Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
654

Павлодар облысы Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауытында 20 сәуір күні жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға металл ұсату жұмыстары кезінде болған. Ұсатушы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Компания өкілдерінің мәліметінше, болған жайт туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілген, қазір тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«2026 жылғы сәуірдің 20-ы күні Ақсу ферроқорытпа зауытында металл ұсақтау кезінде жазатайым оқиға болды. Салдарынан темір ұсатушы оқиға орнында қаза тапты. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу амалдары басталды. «Қазхром» ТҰК» АҚ басшылығы қаза тапқан қызметкердің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания отбасына қажетті көмек көрсетеді», — деп мәлімдеді компания ресми парақшасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Пәкістанда 17 жастағы TikTok жұлдызы Сана Юсаф туған күнін атап, әлеуметтік желіге соңғы видеосын жа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында аңшылық кезінде қарудан атылған оқтан 64 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды...