Қазақстандық сейсмологтар Өзбекстан аумағында жер сілкінісін тіркеді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
392

Қазақстандық сейсмологтар 20 мамырға қараған түні Өзбекстан аумағында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Қазақстан ұлттық деректер орталығының сайтында жарияланды.

Жедел ақпаратқа сәйкес, 20 мамыр күні Астана уақытымен сағат 01:40-та (19 мамыр, Гринвич уақыты бойынша 20:40) Өзбекстанда жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі 40,33 градус солтүстік ендік пен 63,03 градус шығыс бойлық координаттарында орналасқан. Магнитудасы — mb=5,6. Энергетикалық класы — K=13,5.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер асты дүмпулерінің магнитудасы 5,3 болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Бұхара облысының Қаракөл ауданында, 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Бұхара облысында жер асты дүмпулерінің күші 3–4 баллға, ал Науаи облысында 2–3 баллға жеткен. Эпицентрден Ташкентке дейінгі қашықтық оңтүстік-батыс бағытта 527 шақырымды құраған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна 66 жасқа қараған шағы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласының Түрксіб ауданында, жекеменшік сектордағы қараусыз қалған ғимараттың маңынан ішінде...