Ақтау–Шымкент рейсіндегі ұшақтан 200 адам эвакуацияланды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
769

Ақтау әуежайында SCAT әуе компаниясының Ақтау–Шымкент бағытына ұшқалы тұрған рейсте тосын жағдай тіркелді. Сәбиін ұстаған 27 жастағы жолаушы ұшақта жарылғыш зат барын айтып, дабыл қаққан, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы inbusiness.kz сайты жазды.

Оқиға салдарынан шамамен 200 жолаушы мен экипаж дереу борттан түсірілді. Ұшақ бірнеше сағатқа оқшауланып, арнайы қызмет өкілдері бес сағат бойы тексеріс жүргізді. Инспекция аяқталған соң, ешқандай жарылғыш зат табылмады. Әуежайдағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жолаушыларға жағдай түсіндірілді.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, әйелдің әрекетіне эмоциялық күйзеліс түрткі болуы мүмкін. Ол дереу рейстен түсіріліп, құқық қорғау органдарына тапсырылды. Әуе көлігі қызметкерлері мен жолаушыларға медициналық және психологиялық көмек ұсынылғаны айтылды.

Көліктегі полиция департаменті деректі растады. Маңғыстау стансасындағы желілік полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің «терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат тарату» бабымен іс қозғады. Аталған бап бойынша күдікті бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу жалғасып жатыр.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...