Павлодар облысы әкімінің әпкесі ұсталды

Фото: primeminister.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1257

Оның ішімдікке мас күйде рульге отырғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады Мadeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме асап.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхан әпкесінің жауапқа тартылуына қатысты ресми пікір білдірді.

Желіде шенеуніктің әпкесі мас күйде рульге отырғаны туралы ақпарат тарады. Осы ісі үшін ол жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылып, өзі 15 тәулікке қамауға алынды.

Осыған қатысты әкім былай деп пікір білдірді:

«Менің үлкен әпкемнің әкімшілік жауапкершілікке тартылуына қатысты мынаны айта аламын: барлық азамат заң алдында тең. Менің әпкем де, отбасымыздың басқа мүшелері сияқты, бұл қағидаттан тыс емес», – дейді Павлодар облысының әкімі.

Шоу-бизнес

Актриса Дариға Бадықова Асхат Садырбайға берген сұхбатында отбасындағы жауапкершілік пен тұрмыстық қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада арбамен келе жатқан әйел мен бес айлық баласын көлік қағып кетті. Сәби ауруханада көз жұ...