Ақтауда AZAL әуе апатында қаза тапқандарды еске алу асы берілді

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2057

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтауда AZAL әуе апатында қаза тапқандарды еске алу асы берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ұшақ апатының салдарын жою және оның себептерін анықтау, зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылғанын еске салды.

Әкім құтқарушыларға, дәрігерлерге және бей-жай қалмаған барлық қазақстандықтарға тағы да алғысын білдірді.

Іс-шара барысында қаза тапқан қазақстандықтардың жақындарына Алматы қаласының жаңа тұрғын үй кешеніндегі бес екі бөлмелі пәтердің кілттерін табыс етті. Пәтерлер жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған.

PESTEL

Угандада мектеп оқушыларын алып бара жатқан автобус жол апатына ұшырап, кемінде 21 адам, оның ішінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Продюсер Баян Мақсатқызы осыдан екі жарым ай бұрын берген уәдесінде тұрып, Қазақстан халық әртісі Ме...