8 ай бұрын космосқа ұшқан 3 ғарышкер бүгін Жезқазған маңына қонды (ФОТО)

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1055

Союз МС-27 экипажы Жерге аман-есен оралды. Үш ғарышкер отырған аппарат Жезқазған қаласы маңындағы дала алқабына қонды. Бұл сәтті "Роскосмос" телеграм-арнасы тікелей эфирден көрсетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы  Arasha.kz жазды.

Жерге қонған экипаж құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков пен Алексей Зубрицкий, сондай-ақ NASA өкілі Джонатан Ким болды.

Астана уақыты бойынша 10:04-те қонған капсуланы ондаған құтқарушы маман күтіп алды. Алғаш болып сыртқа шыққан Сергей Рыжиков ғарыш сапарының "сәтті аяқталғанын" айтты. Одан кейін құтқарушылар Алексей Зубрицкий мен Джонатан Кимді шығарып, алғашқы тексеруден өткізді. Үшеуінің де жағдайы жақсы екені хабарланды.

Ғарышкерлерді қарсы алу, капсуладан шығару және медициналық бақылау рәсімдері шамамен бір сағатқа созылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...