Ақтауда бейтаныс адам мүгедек жігітті зорлап, қашып кеткен

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1627

Ақтауда бейтаныс адам зорлаған 18 жастағы жігіттің анасы оқиға туралы ашық айтып берді, деп хабарлайды madeniportal.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жәбірленушінің анасы баласының туғаннан бастап ақыл-есінде кемістігі барын айтты. Ерекше қажеттігі бар жігіт болған оқиға туралы анасына айтып берген. Ол анасына белгісіз ер адам теңіз маңына алып барғанын айтқан. Жігіт досымен кездесуге шыққан екен. Бірақ белгісіз ер адам оны көлігіне қинап отырғызып, зорлаған. Одан соң далаға тастап, қашып кеткен. Жігіт үйге жылап келген.

«Көліктің артына салып, есікті кілттеп алып, «шалбарыңды шеш» деген. Содан соң ол кісі шалбарын, белдігін шешіп дайындап, көліктің ішінде баламды зорлады. «Айқайлай бердім, көмек сұрағым келді, мамама айтып беремін» дегенде, «менің әйелім жоқ, бала-шағам жоқ, енді сені зорлаудан басқа амалым жоқ» деп зорлаған. Ұлым «менің екі жерім ауырып тұр» деп келді», – деді жәбірленушінің анасы Оразгүл Қонысова.

Жалғызбасты ана Оразгүл Қонысова тергеу жұмыстарына көңілі толмайды. Полицейлер «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптамалар тағайындалды, бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, зерттеліп жатыр. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу жалғасып жатыр. Видеожазбалар жоқ деген ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Австралияның Сидней қаласында белгісіз екі адам Бонди-бич жағажайындағы адамдарға оқ атты, деп хабар...