Қазіргі таңда біз үшін «Жаңа адамдар » қозғалысына күніне бір адам қосылуға ниет білдірс...
Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашады
Фото: Ақорда
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституция жобасының ел дамуы үшін стратегиялық маңызын атап өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оның айтуынша, құжат қоғам мен мемлекеттің эволюциясына негіз болып, Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасын одан әрі нығайтуға бағытталған.
Спикердің сөзінше, Конституция жобасында ұсынылған жаңашылдықтар елімізде қалыптасқан мемлекеттіліктің конституциялық негіздерін күшейте отырып, қайта бекітеді. Сондай-ақ адам құқықтары мен Конституция үстемдігі қағидаттарына сүйене отырып, құқық үстемдігін қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар жасалады.
Бақыт Нұрмұханов Конституция жобасындағы ережелер «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының логикасына толық сай келетінін атап өтті. Бұл, оның пікірінше, елдің одан әрі дамуы үшін мызғымас институционалдық негіз қалыптастырады.
«Конституция жобасына енгізілген ережелер қоғам мен мемлекет эволюциясының жаңа бір кезеңін ашуға негіз қалайды», – деді Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар, ол Конституциялық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ белсенді азаматтар мен ұйымдардың ұсынымдары алдағы жұмыс барысында да маңызды әрі құнды болатынын жеткізді. Бұл бастама жаңа Конституция жобасын жетілдіруге және қоғамдық консенсусты нығайтуға ықпал етпек.