Дариға Бадықованың экс-күйеуі күтпеген жазба жариялады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
515

Белгілі актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында әріптесі Хайрол Мархабаға алғыс білдіріп, жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Актердің айтуынша, өміріндегі қиын кезеңдердің бірінде оны қолдап, сенім артқан жандардың бірі – Хайрол Мархаба болған.

«Кейде тағдыр адамды сынап, қайрағысы келгендей болады. Сол сәтте жолыңа дұрыс адамдар жолықса, еңсең қайта тіктеледі. Хайрол Мархаба – өнерде өз орны бар, сөзі мен ісі қабысқан жігіт. Бір кезеңде “кино түсіремін” деп шаршап, күмәнданып жүргенімде оған барып, жағдайымды айттым. Ол бетімді қақпады. Тыңдады, ақылын айтты, сенім білдірді. Жанына алып, идеямызды біріктіріп, осы жобада атқарушы продюсер ретінде жауапкершілік жүктеді. Бұл – мен үшін үлкен сенім, үлкен қолдау. Бүгінде ол – фильміміздің бас продюсері. Осындай адаммен бір жобада қатар жүру – мен үшін мәртебе», – деп жазды актер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенатор Амангелді Нұғманов Қазақстанда еңбек өтілі негізіндегі зейнетақы үлгісіне көшуді ұсынды. Айт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар қаласында кәсіпорындардың бірінде кран машинисі 15 метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды...