Шымкенттегі жағдайы мүшкіл тыл ардагеріне қатысты тың ақпарат шықты

Коллаж

ЖАҢАЛЫҚТАР
1349

Еріктілер ауыр жағдайда жатқан тыл ардагерінің өмірін өзгертуге атсалысты, деп хабарлады madeniportal.kz.

«Шымкент қаласының тұрғыны, 1933 жылы туған  М.П қараусыз қалғаны туралы хабар келді. Хабарламада А. Асқаров көшесі бойындағы пәтерде қарт әжей қараусыз қалғаны туралы айтылған. Хабар түскен соң, Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» қызметкерлерінен құралған мобильді топ көрсетілген мекенжайға барып, жағдайды тексерді», – делінген Шымкент қаласының әлеуметтік қорғау басқармасы.

Қызметкерлер келгенде пәтердің есігі жабық болғанымен, ішінен әйел адамның жатқаны байқалған.

Көршілерінен сұрау барысында Р есімді азаматша егде жастағы әйелдің М есімді әжей екенін растады. Оның айтуынша, күнделікті күтім көрсетіп жүрген сіңлісі соңғы үш күнде мүлде көрінбеген.

Жағдайға байланысты учаскелік полиция, Тұран ауданының әлеуметтік қызметкерлері және учаскелік дәрігер шақырылды. Әжейдің сіңлісімен байланыс орнату мүмкін болмағандықтан, көршілердің жазбаша арызы негізінде пәтер есігі төтенше жағдайлар қызметі арқылы ашылды.

Пәтер ішінен қарт ана ауыр жағдайда отырған күйде табылды. Әжей шұғыл түрде “Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу” орталығына  жеткізіліп, шомылдырып, тамақтандырылып, медициналық бақылауға алынды.

Қазір оның жағдайын дәрігерлер бақылауда ұстап отыр. Құзырлы органдар оқиғаға байланысты тиісті тексеру жұмыстарын жүргізуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...