Су жаңа Оқу-ағарту министрінің мектептегі еңбек өтілі 1-ақ жыл ма?

Фото: parlam.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1536

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған ақпаратқа нүкте қойды. Министр педагогикалық еңбек өтілінің 20 жылдан асатынын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жұлдыз Сүлейменова «еңбек өтілі 1 жыл» деген ақпаратты жоққа шығарды.

«Жалпы менің педагогикалық еңбек өтілім — жиырма жылдан асады. Осы уақыттың ішінде №139 мектепте жұмыс істедім, сондай-ақ зияткерлік мектептер жүйесінде тоғыз жылдан астам еңбек еттім. Зияткерлік мектептерде методолог ретінде қызмет атқардым», - деді ол.

Министр Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектептің директоры лауазымына дейін көтерілгенін де жасырмады. Сонымен қатар, ол жоғары оқу орындарында да оқытушылық қызметтен бастап, жастар ісі және оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың орынбасары қызметін де атқанғанын айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPor...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың емдеуші дәрігері спортшының толық қалпына келгенін жән...