Ақтауда кәмелетке толмаған қыздарды ұрып-соққандар туралы дерек шықты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
4732

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қыздардың соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Полицейлер ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Lada.kz өңірлік порталына бір қыздың екіншісін ұрып-соққаны түсірілген видео жіберілген. Сондай-ақ видеоның аудижазбасында кәмелетке толмаған қыздың анасының бірі 19 бен 21 жас аралығындағы қыздардың топ құрып, жасөспірімдерді жинап жатқаны айтылған. Жіберілген аудиожазбадағы мәлімет бойынша, олар қыздарды ұрып-соғып, қысым көрсетіп, қорқытқан.

Облыстық полиция ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталғанын хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде тәрбиешінің балаларға күш қолданғаны түсірілген видео тарады. Белгіл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Бұланды ауданында балық аулау кезінде 1958 жылы туған ер адам суға батып кетті. Оны...