Мүгедек жігітке несие алдырып, 14 жерінен пышақтап кеткен

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1243

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, оқиға 20 ақпан күні болған. 19 жастағы II топ мүгедегін ауыл бұзақылары адам аяғы баспайтын жерге алып барып, 14 жерінен пышақтап кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz malim.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Ал, жігіттің мәйітін ауыл шопыры араға екі күн салып тауып алған. Содан полицияға хабар беріпті. 

Күдікті әскери адам болған. Ол қылмыс орын алмас бұрын жәбірленуші жігітке мәжбүрлі түрде несие алдырған.

ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Шымкент бөлімінің бастығы, подполковник А. С. Белібаев аталған жағдайға қатысты күдікті ұсталғанын, қазіргі танда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Қазақстан Республикасы ІІМ Оңтүстік өңірлік Әскери-тергеу басқармасы Шымкент бөлімінің өндірісінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодесінің 99-бабы 1-бөлігімен көзделген № 2551544031000151 санымен адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдікті анықталып, ҚР ҚПК-нің 128-131 баптарының тәртібімен ұсталды және күдіктіге қатысты тергеу соты 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір тергеп-тексеру жалғасуда. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа да деректері ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді, - делінген ақпаратта. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Австралияның Сидней қаласында белгісіз екі адам Бонди-бич жағажайындағы адамдарға оқ атты, деп хабар...