Абай облысының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
568

Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

 Сотталушы «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының ақпараттарын таратқан. Ол ұйым Қазақстанда тыйым салынған.

Бас прокуратура мәләметінше, Семей тұрғыны 2024 жылдың шілде айынан 2025 жылдың сәуір айына дейін «TikTok» әлеуметтік желісіндегі анонимді аккаунттар арқылы террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Тіпті, адамдармен сөйлесіп, оларға ұйымды насизаттаған.

«Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігімен (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», деп хабарлады Бас прокуратура.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде танымал әнші Димаш Құдайбергеннің білім алған мектебін іздеп келген туристердің ви...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады. Зардап шеккендер полицияға арыз жазды...