Жаңа жыл қарсаңында жүргізілген рейдтер кезінде 5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Фото: ИИ/Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
2007

Қазақстанда жаңа жыл қарсаңында жүргізілген рейдтер барысында 4,9 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды madeniportal.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде 711 мобильді топ құрылып, 2 450 рейдтік шара өткізілді. Рейдтердің басты мақсаты заңсыз шырша ағаштарын кесу, тасымалдау және сатуды болдырмау еді», — деп жазылған хабарламада.

Рейд барысында 1 011 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:

  • Ағаштарды заңсыз кесу – 8 факт;
  • Рұқсат етілмеген орындарда сату – 574 факт;
  • Жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау ережелерін бұзу – 429 факт.

Жалпы, әкімшілік айыппұлдардың сомасы 4,9 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар 4 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақмыс» Тобында Safety Stand Down форматындағы жұмыскерлермен өткізілген кездесулерді...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында Молодёжная көшесінде орналасқан гараждардың бірінде өрт шығып...