Ақтауда полицей жүк тиегішке соғылып, қаза тапты

Фото: видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1136

Ақтауда Toyota Camry көлігі жол жиегінде тұрған жүк тиегішке соғылып, салдарынан полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті оқиғаны растады.

«Ол демалыста, қызметтен тыс уақытта жүрген. Сараптама қорытындысына сәйкес, қызметкер мас болмаған – қанынан алкоголь мен есірткі белгілері анықталған жоқ», – делінген хабарламада.

Кейбір дереккөздерге қарағанда, көлікте тағы бір полиция қызметкері болған.

Ол тірі қалып, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Бұл ақпаратқа қатысты полиция әзірге пікір білдірмеді.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...