Ақтауда толассыз жауған жаңбырдан көшелерді су басып жатыр

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1407

Шаһарда 3 күн қатарынан жаңбыр жауып, тұрғындарды әбігерге салып жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Себебі, көшелерде суағарлар жоқ. Соның салдарынан жиналған судан аяқ алып жүру мүмкін емес. Көлік қозғалысы да қиындады.

Тұрғындар қаланың жауын-шашынға дайын емесін айтып, суағарлардың салынбауына шағымдануда.

"Аймақта кейінгі жылдары жауын-шашын жиіледі. Бұл бір жағынан қуантады. Бірақ көшелерді су басып, осындай қиындықтарға тап болып жатырмыз. Жыл сайын қайталанады. Мәселе түбейгейлі шешілсе екен", - дейді қала тұрғыны. 

Ал Ақтау қаласының әкімдігі су сору жұмыстарының жалғасып жатқанын жеткізді. Коммуналдық қызмет мамандары күні-түні еңбек етуде. 

"Ақтауда коммуналдық сала қызметкерлері автомобиль жолдарында жиналған жаңбыр суын сорып алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстарға 13 қызметкер, 12 су сорғыш мотопомпа және арнайы 4 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 350 шаршы метр жаңбыр суы алынды. Аталған жұмыстар қала аумағында тәулік бойы жалғасып жатыр", - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...