Бабалар аманатына адалдық: әскери қызметшілер Есет батыр кесенесін тазалады

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы

ЖАҢАЛЫҚТАР
1494

Әскери қызметшілер бабалар аманатын орындады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Ақтөбе облысында Көкіұлы Есет батыр атындағы №20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «30 игі іс» акциясы аясында тарихи-мемориалдық нысанға қамқорлық көрсетті. Олар Есет батыр кесенесінің аумағын қоқыстан тазалап, жолдарын сыпырып, ретке келтірді.

Әскери бөлім өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар жас ұрпаққа тарихты қастерлеудің үлгісі болып табылады.

– Есет батыр кесенесі – халқымыздың рухы мен ерлігінің мәңгілік символы. Оның таза әрі жинақы болуы – бабамызға, тарихымызға деген құрметіміздің белгісі, – деді әскери қызметшілердің бірі.

Жауынгерлердің айтуынша, мәдени және рухани құндылықтарды қорғау – әр азаматтың борышы.


Тағы оқыңыздар: Есет батыр Көтібарұлының өмірбаяны

author

Есет батыр Көтібарұлы

ҚАЙРАТКЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...