Алматыда кәсіпкер Бақыт Ибрагимге тиесілі бағасы 460,6 миллион теңге болатын зәулім сарай сатылымға...
«200-ден аса адам жылап жүр»: Тағы бір қайырымдылық қорының басшысы мүгедек балаларды алдап кеткен
Сурет ашық дереккөзден алынды
"Елге көмек" қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев Бекзат есімді екінші топтағы мүгедек балаға деп жиналған баспананың ақшасын жымқырған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Журналист Руслан Өтепбайдың сөзінше, блогер балаға деп сбор ашып артынша балаға баспана алдық деп видео түсіріп кейін оны сол күйі табыстамаған.
«2024 жылдың маусым айында Ілияс Сариев Бекзат есімді екінші топтағы мүгедек баланы видеоға түсіріп, сбор ашады. Небәрі 4-5 күннің ішінде Ілияс Бекзат үйлі болды деп елден сүйінші сұрайды. Бірақ мұнын барлығы иллюзия боп шығады. Бекзаттың үйі деп көрсетілген баспана мүгедек балаға әлі күнге дейін бұйырмаған», - деді журналист.
Блогер мүгедек баланың әжесіне «үй алдық» деп жалған видео түсіруді өтінген.
«Ең сорақасы Ілияс Бекзаттың әжесіне алмаған үйді алдық деп өтірік айтуды сұрайды.
Блогер өтініш айтқан соң кейуана қасиетті мекеннен үндеу жолдайды. Үндеуде Гуля апа алмаған үйді алдық дейді. Ал олай айтпаса блогер үйді мүлдем бермей қоя ма деп қорқады.
Алайда Ілияс Бекзатқа үйді де, сбордан жиналған ақшаны да бермеген. Мүмкіндігі шектеулі баланың қазір жалғыз ғана арманы бар. Халық жинап берген ақшаға алынған баспананы алу. Ол мүмкін бе?», - деді Руслан Өтепбай.
Тағы бір журналист Гүлмира Әбіқай да алаяқ қайырымдылық қорының басшысың басқа да адамдарды сан соқтырған айта кетті.
«Ільяс ақша жиып, бірақ бермеген 200-ден аса адам жылап жүр. Алаяқтығына қатысты бағдарлама жасағанда мені біраз адам жеп қоя жаздап еді «көре алмайсыз Ілиясты» деп.
Бекзат бауырым, мынау саған жарқырап жүр деп қолындағы Rolex-н шешіп беріп, рилс түсіріп біткен соң қайта тартып алыпты. Оны ұмытып, дау-дамайсызға сұхбатқа келіп, сағатын қайда тығарын білмей қатты сасқан еді», - деді Гүлмира Әбіқай.