20 жастағы павлодарлық қыз өз іс-әрекетін жасыру үшін өзін тонап кеткендігі туралы жалған ақпарат бе...
Ақтаулық қыз Оксфордқа шақырту алды
коллаж: madeniportal.kz
Ақтаулық түлек Оксфорд университетінің PhD бағдарламасына қабылданды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Меруерт Бижанова ғылым жолындағы кезекті үлкен жетістікке жетіп, әлемнің ең беделді жоғары оқу орындарының бірі — Оксфорд университетінің докторантура бағдарламасына ресми түрде қабылданды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Меруерт — Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2019 жылғы түлегі. Бұған дейін АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде білім алып, Студенттер ассамблеясының президенті атанған болатын.
«Мен Оксфордқа докторантураға түстім!» – деп өзінің қуанышты жаңалығын Меруерт жеке парақшасында бөлісті. Ол бұл университет туралы ерекше толқыныспен айтып, «Ол – Стивен Хокинг оқыған, Гарри Поттер түсірілген, адамзат өркениетіне өзгеріс әкелген идеялар туған жер» – деп жазды.
Оксфорд — әлемдік деңгейдегі ойшылдар мен Нобель сыйлығының лауреаттарын тәрбиелеген, премьер-министрлер мен ғалымдарды дайындаған, ұлы ақыл-ой иелерінің ортасы.